Жүргізушілерді тегін дайындайды

ҚР Қорғаныс министрлігінің республикалық «Әскери-техникалық мектебі» ҚР-ның Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандар бойынша «ВС1С» санаттағы жүргізушілерді даярлайды.

Бұл жөнінде БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқыту 2020 жылдың 15 қаңтары мен 15 сәуірі аралығында жүргізіледі. Оқу барысында үміткерлер далалық киім-кешекпен, үш мезгіл тамақпен, монша-кір жуу қызметтерімен, тегін орынмен қамтамасыз етіледі. Оқу орны шектеулі.

Оқуға қызығушылық танытушыларға келесі талаптар қойылады: бойы 170 см.-ден кем болмауы, жасы 22 жасқа дейінгі, орта білімнен төмен емес, бұрын сотталмаған, денсаулық жағдайы жарамды болуы қажет.

Толық мәлімет алу үшін 8 (7112) 30-10-28, 8 (7112) 30-21-25 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *