Шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті

Өткен аптада  Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Кел, шырқайық!» атты хор ұжымы және вокалдық топтардың облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды БҚО халық шығармашылығы орталығы.

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты – өңіріміздегі хор ұжымы және вокалдық топтардың шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау, белгілі өнер ұжымдарын облыста өткізілетін мәдени шараларға тарту.

Байқауда Ақжайық, Жаңақала, Тасқала, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының хор ұжымдары, ал вокалдық жанр бойынша Бөрлі, Бәйтерек, Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандары мен Орал қаласының мәдени-ағарту бірлестігі жанындағы топтар өнер көрсетті. Аталмыш өнер додасына 300-ге тарта өнерпаз қатысты.

Байқауда сөз алған облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Мәулет Жұбатов қатысушы өнер ұжымдарына алғысын білдірді.

Өнер сайында өнерпаздардың орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеттілігі, орындалатын шығарманың күрделілігі, жанр ерекшелігі, көркемдік-идеялық мазмұнына аса мән беріліп, ереже талаптары жіті қадағаланды.

Қатысушылар өнер саласының қазылық еткен шарада екі жанр бойынша іріктеуден өтіп, гала концертте өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша хор ұжымдары арасында Тасқала ауданының халықтық  хор ұжымы жеңімпаз атанды. Ақжайық ауданының хор ұжымы – екінші, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің хор ұжымы – үшінші орынды иеленді.

Вокалды топтар арасында Қаратөбе ауданының«Ақбақай» вокалды тобы лайық деп танылды. Жүлделі екінші орынды бәйтеректік «Дариян» вокалды тобы иеленсе, үшінші орынға Бөрлі ауданының халықтық «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі қол жеткізді.

Сонымен қатар хор ұжымдарының дирижерлері Ақжол Серіков (Тасқала аудандық халықтық  хор ұжымының дирижері), Әлия Рамазанова(Ақжайық ауданының хор дирижері), Армангүл Батырханова (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің хор дирижері) Алғыс хаттармен марапатталды.

Жаңақала мәдени-демалыс орталығының халықтық хоры, Шыңғырлау мәдени-демалыс орталығының халықтық хоры, Орал қалалық мәдени ағарту бірлестігі жанындағы «Асыл әже» вокалды тобы, Орал қалалық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы халықтық «Берегиня» украин вокалды ұжымдары дипломант атанса, Казталов аудандық вокалды тобы, теректілік «The voice» вокалды тобы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «New Stars» вокалды тобы Алғыс хаттармен марапатталды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *