Жаңақала ауданы әкімдігінде бұзушылықтар анықталды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы прокуратурасымен консультативтік-кеңесші органның және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жұмысына талдау жасалды,-деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Түзеу мекемесінен босап шыққан 3-топ мүгедегі Ж. есімді азаматқа тұрғын үй бөлу туралы шешім шығарылғаны анықталды.

 Алайда, бұл хаттамалық шешім орындау үшін тиісті мекемелерге жолданбаған.

Консультативтік-кеңес органының кұрамына кіретін кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атауы ауысқанмен, аудан әкімшілігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы қаулысыны тиісті өзгертулер енгізілмеген.

Жұмыспен қамту орталығы түзеу мекемесінен босап шыққан арнайы мамандықтары жоқ азаматтарды кәсіптік оқытуға жібермеген.

«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 Қаулысының 17-тармағына сай комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде екі рет өткізіледі деп көрсетілген.

Дегенмен, комиссия өткен жылы небәрі төрт рет қана жиналған.

Осыған қоса, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын орындау жөніндегі шаралар қабылданбаған.

Қадағалау актісі негізінде 3 лауазымды тұлға, оның ішінде аудан әкімінің орынбасары Ж. Нұрғожин тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *