Қаражат қазынаға қайтарылды

БҚО Теректі ауданының прокуратурасымен атқарушылық өндірістерді тексеру нәтижесінде 2018 жылдың шілдесінен бері қозғалыссыз болған құжат бойынша 6,4 млн. теңге бюджетке өндірілді деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.

  Анықталғаны, БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен «БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің талап арызы қанағаттандырылып, «К» шаруа қожалығынан 2016 жылы жалған құжаттар беру арқылы заңсыз алған 6,2 млн.теңге көлеміндегі субсидия бюджетке өндірілген.

  Дегенмен, сот орындаушы бір жылдан астам «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 5-тарауында көзделген мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған. Тек аудан прокуратурасы Әділет департаментіне ұсыну енгізгеннен кейін ғана сот орындаушысы банктегі ақшаны ұстау туралы инкассалық өкім шығарған. Нәтижесінде 6 280 000 теңге субсидия сомасы және 188 400 теңге мемлекеттік баж өндіріліп, атқарушылық іс толық орындалды.

  Жалпы Теректі ауданы бойынша осы жылы сот орындаушылармен мемлекет пайдасына 25 млн. теңге өндіріліп, оның 10 млн. теңгесі прокурордың ықпалымен қайтарылған.

БҚО Прокуратурасы сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *