«Егер дипломыңыз жоғалса…»

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттың телнұсқасын Egov арқылы алуға болады, – деп хабарлайды BAQ.KZ

Әртүрлі жағдайларға байланысты жоғарғы білімі туралы дипломды жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда она қалайша қалпына келтіруге болады деген сауал туындайды.

Сондай-ақ құжатты қайта жасату үшін не қажет және бұл қызмет түрі ақылы ма деген сұрақтарға жауап іздейтіндер аз емес.

Қазір осы қызмет түрін онлайн түрде алуға болады. Ол үшін келесідей қадамдар жасау қажет:

  1. www.egov.kzпорталынан авторизациядан өтіп, «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасына көшу қажет.
    2. Өтініш толтырып, өтінішке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою қажет.
    3. Жеке кабинетте («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) өтініш қызметін көрсету нәтижесімен танысу қажет.

Қазір заманға сай қадам басу қажет, бұл дегеніміз қызметті электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алу.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *