Оралда алтын ұрлаған азамат ұсталды

Жуырда республикалық «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алтын ұрлау қылмысы ашылды деп хабарлайды БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Пәтер ұрлығы орын алғаны туралы ақпарат алған полиция қызметкерлері сол сәтте іздестіру жұмыстарына кіріседі. Орал қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің   қызметкерлері полиция капитаны Марат Казиуллин мен полиция капитаны Қанат Мұхтаров секілді сақшылардың жіті қимылының арқасында алтын ұрлау фактісі көп ұзамай ашылған.

Тәртіп сақшылары осы қылмысқа барған 1996 жылы туған азаматты қолға түсірген. Күдікті биылғы тамыз айында саяжайдағы үйлердің бірінің терезесінен ішке еніп, 1959 жылы туған азаматшаға тиесілі 583 сынамалы неке жүзігін, 583 сынамалы алтын білезігін, алтын сақиналарын, үш жұп сырғасын, бағалы тастардан жасалған алтын бұйымдарын қолды қылған. Жалпы шығын – бір миллион бес жүз мың теңге. Ұрланған заттар тәркіленіп, ұсталған азамат Орал қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚК-нің 188-бабы 3-бөліміне сәйке сотқа дейінгі тергеу шаралары қолданылуда.

Полиция қызметкерлері ұрлық орын алған жағдайда дереу хабарласу қажеттігін ескертеді. Бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізеді. Тек бірлескен жағдайда ғана ұрлықпен тиімді түрде күресуге болады. Аталған қарапайым ережелерді сақтау  бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын азайтуға мүмкіндік береді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *