Пойызда сәби дүниеге келді

Кеше №91 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызының Тараз – Шу жол телімінде нәресте дүниеге келді, – деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы. 

«6-вагонда келе жатқан Гүлнүр Жолдас есімді ана жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы пойыз ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігерді іздеген. Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандары – атап айтқанда Шолпан Ембаева, Дәркен Байқошқарова, Ботагөз Көшербаеваның бар екені анықталып, жүкті әйелді босандырып алған», — деген ақпаратта.

 

Компания өз атынан қол ұшын созған жолаушылар мен пойыз бастығы Меруерт Қорабаеваға алғысын білдіреді. Нәрестенің анасы қызының есімін Меруерт деп қойған.

Компанияға қарасты барша жолсеріктер әр уақытта алғашқы медициналық және штаттан тыс жағдай кезінде көмек көрсету оқу-тренингтерінен өтіп тұрады. Өткен жылы жол үстінде 10 бала дүниеге келіпті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *