«Фариза» спектаклінің премьерасы өтеді

Қыркүйектің 5-6 күндері М.Әуезов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Фариза» қойылымы көпшілік назарына ұсынады, – деп хабарлайды BAQ.KZ

Қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жасқа толуына орай  «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығының тапсырысымен драматург Роза Мұқанова ақынның өмірі мен өлеңі туралы пьесаны жазып шыққан.

Премьераның баспасөз мәлімдемесінде бас продюсер және идея авторы Айнұр Көпбасарова ақын шығармашылық иесі ретінде барлық құрметке лайық екенін айтты.

«Біз оның өлеңдерін сүйіп оқитын жас буынға ақынның жарқын сәулесін жеткізгіміз келеді. Фаризаның ақын ретінде емес, әйел ретінде не сезінгенін сіздерге жеткізу біз үшін маңызды. Қазан айында бұл қойылымды Ресейде, яғни Мәскеудің «Современник» тетарындағы үлкен сахнаға шығарамыз. Фаризаны тек қазақтар ғана емес, күллі әлем білсе дейміз. Бұл тұрғыда бізді РФ-сындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов қолдады», — дейді Айнұр Көпбасарова.

Мамандардың айтуынша, пьеса қазақ тілінде қойылып, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады.

Пьесаның авторы — Роза Мұқанова, композиторы — Ренат Гайсин, режиссері — Фархат Молдағали.

Ақын шығармашылығына арналған қойылымда басты рөлдерді “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев сынды танымал өнер иелері сомдайды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *