Тұрғындар құқық қорғау қызметкерлерінің көмегіне жүгінді

Ағымдағы жылдың 26-28 тамыз күндері Орал қалалық прокуратурасы мен  Құқық қорғау қызметтері орталығы «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалында «Ашық есік күндері» акциясын өткізді деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.

Акция барысында прокурорлар барлығы 65 азаматты қабылдады. Олар азаматтық және әкімшілік заңнама (12), әлеуметтік-экономикалық (41), қылмыстық процесс (2) және басқа салалар бойынша (10) жүгінді. Прокуратура қызметкерлері К.Капезов пен Т.Жилкибаев құқықтық көмекке жүгінгендерге кеңес беріп, көмек көрсетті.

Мысалы, алаяққа алданған жәбірленушілердің атынан келген Е. және К. есімді тұрғындарға ҚПК-нің 179-бабы тәртібінде (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы) арыз жазуға көмек көрсетіліп, полицияға жүгіну тәртібі түсінідірілді. Сот қаулысымен келіспеу мәселесі бойынша Б. есімді азаматқа ҚПК-нің 414, 418-баптары бойынша 15 тәулікте апелляциялық шағым беруге болатыны айтылды. Облыстық білім беру басқармасын тарту арқылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде Д. есімді ата-ананың баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтар алу жағдайы қарастырылды.

Прокуратура қызметкерлерінен кеңес алған тұрғындар оларға қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігі үшін алғыстарын білдірді.

Айтып өтейік, прокурорлар қызмет барысында азаматтардың құқығын қорғау, оларға көмектесу және туындаған мәселелер бойынша құқықтық шешім табу үшін барлық шараларды қабылдайды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *