Әскерилер сенбілікке шықты

Бүгінгі Оралда ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы белсене қатысты деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарма ұжымы сенбілік науқанының маңызы зор деп біледі. Себебі мұндай шаралар қоғамның назарын  қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ортақ мекеніміз – Орал шаһарының көркеюі мен дамуы оның жасыл қала мәртебесін сақтап қалуына ықпал етері анық. «Қалада өткізілген тазалық шарасына үлес қосу – біздің міндетіміз. Өйткені біз осы жерде қоныстанып, қызмет етудеміз» дейді әскерилер.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *