Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан 10-15%-ға төмен болды

Бүгін Орал қаласында М.Ықсанов көшесінің бойында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Мұнда тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

Оған Ақжайық, Бәйтерек, Теректі аудандарынан, Орал қаласынан және қайта өңдеу кәсіпорындарынан барлығы алпысқа жуық тауарөндіруші қатысты.

Жәрмеңкеде барлығы 28800 дана жұмыртқа, сегіз тонна картоп, екі тонна қияр, үш тонна қызанақ, бір тонна қырыққабат, бір тонна сәбіз, екі тонна пияз, 2,5 тонна бұрыш, 34 тонна қарбыз, тоғыз тонна қауын, сондай-ақ шұжық пен жеміс-жидектер сатылды.

Ауа райының ыстық болуына байланысты санитарлық нормаларды сақтау мақсатында ет және балық өнімдері сатылмады. Келесі жәрмеңкелерде күн райы мүмкіндік беріп, ауа температурасы төмендесе, аталған өнімдер сатылымға шығарылатын болады.

Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен болды.

«PULS» ақпарат

(Кирилл МОРОЗДЫҢ суреті)

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *