Құқық қорғау органдарына түскен өтініштер 43 пайызға өскен

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында 2019 жылдың алты айындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау саласындағы өтініштерді қарау мәселесі бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Елбасы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өтініштеріне сапалы жауаптар дайындау мен заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар мен халықтың өзара іс-қимылын басым міндеттердің бірі ретінде атап өтті.

Алқа отырысында облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев құқық қорғау органдарына түскен өтініштердің 43%-ға (2018 жылы 1176-дан 2054-ке дейін) өсуіне назар аударды. Өтініштердің негізгі үлесі полиция департаментіне (1 833) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке (195) тиесілі.

Өткен мерзімде прокуратура органдарына барлығы 3506 өтініш келіп түсті.  Олардың көпшілігі тергеу мерзімдерін сақтау, қылмыстық істерді тоқтату, сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімдерін үзу, қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттарын негізсіз қабылдамау мәселелеріне қатысты. Мысалы, Д. есімді азаматтың аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы көптеген шағымдары полиция органдарымен бірнеше рет қанағаттандырусыз қалдырылып, іс мүлдем тоқтатылған. Тек прокуратура араласқаннан кейін ғана қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал П. есімді азаматтың денсаулығына ауыр зиян келтіру және оны ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс жыл бойы өзінің шешімін тапқан жоқ. Іс ауырлығы орташа дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергелді. Прокуратураның нұсқауымен Бөрлі ауданының полиция бөлімімен қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыс бойынша сараланып, іс сотқа жолданды, кінәлі адам сотталды.

Процеске қатысушылардың шағымдарына жол бермеу және тергеудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында прокурорлар ҚПК-нің 193-бабының тәртібінде тергеушілерге 193 жазбаша нұсқау берген. Сонымен қатар, қылмыстық процеске қатысушылардың прокуратураға жолдаған шағымдарының әрбір төртіншісі тергеу органдарының қабылдаған шешімдерінің хабарланбауы және тергеу нәтижелерінің сапасына қатысты екендігі аталды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры қойылған міндеттерді тиімді іске асыру, құқық қорғау органдарының жұмыс сапасының басты индикаторы ретінде халықтың сенімін арттыру және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

БҚО прокуратурасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *