Халықаралық турнир мәресіне жетті

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бес күнге созылған волейболдан қыздар арасында «Еуро-Азия – 2019»  VII Халықаралық турнирі аяқталды.

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясынан сегіз команда, 100-ден астам жасөспірім қыздар қатысты. Бес күнге созылған дәстүрлі турнирдің чемпиондық атағынОрал қаласының «Грация-KZ» командасына бұйырып, жерлестеріміз алтыннан алқа тағынды. Жүлделі екінші орынды Теміртау қаласының командасы иеленсе, қола жүлде Өзбекстан Республикасының Хорезм қаласының командасына бұйырды.

Ойын барысы қызықты және тартысқа толы өтті. Команда құрамында ойын көрсеткен волейболшылар – бүгінгі таңда ұлттық құрама мүшелері және халықаралық жарыс қатысушылар. Тартысқа толы өткен ойында командаларға жеңіске жету оңайға соқпады. Турнир қорытындысында үздік ойыншылар анықталды. Олар Диана Кенженова (Ақсай қ., БҚО), Нельзифар Махмудова (Хорезм қ., Өзбекстан), Влада Гришина (Теміртау қ.), Аяулым Бегматова (Шымкент қ.), Ақерке Бисекенова (Ақтөбе қ.), Эвелина Валиулиуллина (Набережные Челны қ., РФ), Ақбота Пернахан (Түркістан облысы) болды.

Жерлестеріміз «Грация-KZ» командасының мүшелері  Валерия Голованова  ойынның «VIP ойыншысы» атанса,  Арайлым Сабырова «Үздік бұғаттаушы» атағын жеңіп алды. «Үздік байланыстырушы» Диана Сапарғалиева, ал  «Үздік либеро» Карина Тулегеноваға бұйырды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *