Үйі қираған арыстықтарға пана табылады

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген дерекке сілтеме жасаған BAQ.KZ. сайты осылай деп жазды.  

Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте тұрғындар үшін уақытша қоныстанатын 800 орын дайындалыпты. Мұнда жарылыс салдарынан баспаналары толық қираған және жарамсыз күйге түскен тұрғындар орналастырылмақ.

Бұл орталықта қоныстанушылар үш мезгіл тамақпен және жатын орындармен қамтылады. Балаларға арналған ойын алаңшалары да қарастырылған. Ал үйлеріне жарылыстан зақым келген тұрғындар баспаналары толық жөнделген соң, өз шаңырақтарына оралатын болады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *