Әскерилер мерекені атап өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы атаулы күнге орай Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында мерекелік шара өтті деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Аталмыш басқармада ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар назарына тақырыпқа сәйкес кітап көрмесі ұсынылды.

Ұжымды мемлекеттік мерекелерімен құттықтаған басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы, подполковник Данияр Кадргалиев ел рәміздерінің шығу тарихына тоқталды.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, Отанға деген құрметті арттыратын мемлекеттік мейрамды Орал қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұжымы ескерусіз қалдырмай, осылай атап өтті.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *