Қазақстанның үш қаласында 5G іске қосылады

Еліміздің үш қаласында пилоттық жобаны іске асыру жоспарына сәйкес 5G байланыс желісі  іске қосылмақ.

ҚР Үкіметінің басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компоненттерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру  тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді.

Ел аумағын 5G желісімен қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде.

Дереккөзі: «elnews.kz»

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *