Сайлау учаскеңізді білесіз бе?

9  маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы.  Сайлаушылар тізімінде болу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлау учаскесі аумағында тіркеуде болуы жеткілікті.

Егер өзіңізді сайлаушылар қатарынан таппасаңыз немесе қай учаскеден дауыс беретініңізді білмесеңіз, төмендегі кеңеске құлақ түріңіз. Орал қаласы тұрғындарының өз учаскесін «SMART Uralsk»  мобильдік қосымшасы арқылы қарауға мүмкіндігі бар.

Сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы ақпаратты білу үшін жоғарыда аталған қосымшаға кіріп, «Санаттар» бөліміндегі «Қалалық көрсетілетін қызметтер» бөліміне өтесіз. Бөлімдегі «Сайлау учаскесін іздеу» нысанын таңдап, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе аты-жөніңіз бойынша іздесеңіз болады.

Ұялы қосымшаны телефоныңыздағы App Store, Play Market (Android платформасы үшін)  қосымшалар дүкенінен жүктеп ала аласыз.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *