Ауруханада емделудің жолдары

Аурухағаға жоспарлы жатқызу – созылмалы ауруға шалдыққан пациенттерді адам өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда дәрігер жолдамасы бойынша стационарда емдеу. Ауруханаға шұғыл түрде жатқызу – емделуші өміріне қауіп төндіретін, кезек күттірмейтін жағдайларда стационарда емдеу.

Емханадағы дәрігеріңізге барыңыз, дәрігер сізді қарап, ауруханаға жатып емделу қажеттігін растау мақсатында бірқатар тексерулерден өтуге жібереді. Тексеруден өтіңіз, жолдаманы рәсімдеңіз және де емделетін медицина ұйымын дәрігермен бірге таңдауыңызға болады. Ауруханаға жатқызу туралы өтінішті тіркеңіз, сіз туралы мәліметтер «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркеледі. Көптеген жағдайда ауруханаға жатқызатын күн автоматты түрде белгіленеді. Онкологиялық, психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулар ауруханасы сынды мамандандырылған клиникаларға жатқызатын күн стационар қызметкерлерімен бірге белгіленеді.

Ауруханаға жатқызу талонын алыңыз. Сізге коды бар талон беріледі. Кодты https//bg.eisz.kz сайтына тіркеп, кезекті қадағалауыңызға болады. Ауруханаға жатқанға дейін дәрігердің нұсқауларын орындаңыз. Ауруханаға жататын күні келесі құжаттарды ала баруды ұмытпаңыз:

  • жеке куәлік;
  • ауруханаға жатқызу талоны;
  • диагностикалық зерттеулер қорытындысы;
  • ауруханаға жатқызу туралы жолдама.

Егер сіз басқа қаладағы ауруханада жатып емделетін болсаңыз, ертерек билет сатып алуды ұмытпаңыз. Ауруханаға жатқызуға кедергі келтіретін жағдайлар туындаса, ол туралы дәрігерге ескертуді ұмытпаңыз, әйтпесе, ауруханаға жатқызу туралы өтніштің күші жойылуы мүмкін.

Сізді ауруханаға жатқызудан бас тартуға қандай жағдайлар себепкер болуы мүмкін?

1.Егер пациент ауруханаға жатқанға дейін қажетті тексерулерден толық өтпеген жағдайда, тиісті тексерулерден қосымша өту керек;

  1. Егер пациентте жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімдер болса, мысалы, респираторлық вирустық инфекцияға шалдықсаныз, кейін қайта бару қажет;
  2. Егер пациентке стационарлық көмек көрсету қажеттігін растайтын көрсетілімдер болмаған жағдайда.                                                                                                                                        МӘМС КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *