Кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері кеше Батыс Қазақстан облысына келді.

Олар ең алдымен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті.Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасының басты қағидалары, ондағы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналған басымдықтар және отандық өндірісті дамытуға бағытталған нақты міндеттер жайында айтылды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі ұстанымдарының бірі – Елбасы саясатын жалғастырып, елдегі ірі өнеркәсіп орындарын дамыту. Сол арқылы біздің кандидат экономикамыздың мұнай-газ саласына тәуелділіктен арылуын кезең-кезеңмен жүзеге асыруды көздеп отыр», – деді республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Сонымен қатар штаб мүшелері жергілікті этномәдени бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаевтың атаулы әлеуметтік көмектің ашықтығын және мақсаттылығын арттырып, оны алу уақытын қысқартуды, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен аға буын өкілдеріне де қолдау көрсетудің жаңа форматтарын енгізуді көздеп отырғаны айтылды.

«Зейнеткерлеріміз лайықты зейнетақы алуы үшін зейнетақы реформасын жалғастырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартуымыз керек. Аға буын әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғалуы тиіс. Олар бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізулері үшін еліміз бойынша арнайы орталықтар көптеп ашылуы қажет. Елімізде ардагерлерімізді әлеуметтік қорғаудың басқа да кепілдіктері болуы тиіс. Мінеки, осындай басымдықтардың бәрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетіліп, оларды тиімді жүзеге асыру жолдары қарастырылған», – деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Мәулен Әшімбаев.

Штаб мүшелері Бәйтерек ауданына қарасты Переметное ауылының тұрғындарымен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаларына табан тірейтініне назар аударды.Одан бөлекүгіт-насихат жұмыстары штаб мүшелерінің облыстың зиялы қауым өкілдерімен және өзге де бірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулерде жалғасын тапты.

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *