Патриоттық шара

Мамырдың 21-і күні Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында ҚР-ның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолына арналған әскери-патриоттық тәрбие сағаты өтті.

Шараны Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы аталмыш кітапхана ұжымымен бірлесе ұйымдастырды. Колледж студенттерінің қатысуымен өткен әскери-патриоттық тәрбие сағатында басқарманың тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерімен жұмыс бөлімшесінің бастығы, майор Қуат Ахметқалиев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басқарма бастығы Эльдар Шынғалиев сөз сөйлеп, халқымен бірге болса биылғы мамыр айында 95 жасқа толатын Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі, еліміздің әскери саласын дамытуға қосқан үлесі жайында әңгімеледі.

С.Нұрмағамбетов – Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, армия генералы. Патриоттық шараға қатысушылар Қазақстан Қарулы күштерінің тарихында аты аңызға айналған тұлға туралы кітап көрмесін тамашалады.

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *