Аға буынға құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсету — бүгінгі қоғамның басты міндеті. Біз осы міндетімізді әсте естен шығарған емеспіз.

Осы аптада ұйымдастырылған шара ел шетіне келген жаудан ұлан-байтақ даламызды қорғап қалған батыр бабаларды ұлықтауға бағытталды. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңындағы аталмыш шараны Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы бірігіп ұйымдастырды. Тағылымды кеш барысында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, сол күндердің естеліктері айтылды. Кеш барысында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Мерғалиевке алғыс хат табыс етілді. Ал партия өз кезегінде аға буын — ардагерлерге сыйлықтар таратып, филиал басшысы бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге алғысын жеткізді.

Бұл күнді сарбаздардың ботқасынсыз елестету мүмкін емес. Шараға келгендерге қорғаныс істері жөніндегі басқарма ұжымы осы дәмді ұсынып, әскери өмірлерін еске түсірді.

Басқарманың баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *