Төртінші халықаралық дəрежедегі спорт шебері

Мұндай дəреже батысқазақстандық Ализа Ерниязоваға бұйырды.

Ағымдағы жылдың 26 сəуірі мен 4 мамыры аралығында Анталия қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында V Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Нәтижесінде Ерниязова Ализа рапид түрі бойынша қола медальға ие болып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесін орындады. Облысымызда осымен тоғызқұмалақ спорты бойынша төртінші халықаралық дəрежедегі спорт шебері. Жерлесімізді құттықтаймыз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *