Қазақстан Республика күні — Ұлы күн!

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – қазақ тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Республика күнінің мемлекеттік деңгейде, елімізде тұратын барша ұлт пен ұлысқа ортақ мереке ретінде тойлануы – халқымыздың бойына қуат, жүзіне қуаныш сыйлаған оң шешім. Әуелі, қоғамның патриоттық сезімін арттыруға сеп болары анық.

Бұл атаулы күн егемендігімізді, тарихымызды ұрпақтың санасынан жойып алмау үшін керек. Алғаш рет дәл осы күні біз өзімізді республика ретінде әлемге таныта бастадық. Тәуелсіздікті алуымызға декларация себеп болғанын естен шығармауымыз маңызды. Рухани құндылығымызды, қазақы қайсар рухымызды, бай тарихымызды, ата- бабадан қалған даланың мұрагері ретінде елімізді әлемге таныту арқылы осы тарихи датаның біз үшін қасиеттілігін көрсете алуымыз қажет. Сол себепті бұл күннің қажеттілігі мемлекетіміз үшін зор деп санаймын. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!

Әділ МАҚСОТОВ,
Орал гуманитарлық-техникалық  колледжінің 3курс студенті

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *