«AMANAT» партиясының актив отырысы өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық «AMANAT» партиясының партиялық актив отырысы өтті. Актив отырысы облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жетекшілігімен өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының міндеттерді туралы мәселе көтерілді.

Облыс активінің басқосуында бірқатар депутаттар  баяндама жасап, Жолдаудың маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Қатысушылар тарапынан да стратегиялық құжатты талқылап, пікір алмасты. Олардың қатарында «AMANAT» партиясының депутаттары Бисенов Азамат, Ермекқалиев Алтынбек болды. Сонымен қатар, актив Саяси кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, партия ардагерлері, белсенділері мен сарапшылары, БАҚ өкілдері  қатысуымен өтті.

«Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент кешегі Жолдауда ауқымды реформалар жоспарын ұсынды. Президент Қ.К.Тоқаев жолдаған Жолдауда айтылған бағыттардың бірі — азаматтық қоғам институттарын дамыту.

Халық қоғамдық өмірге етеңе жақын болып, елдің болашағына қатысты шешімдерге етеңе араласу қажет. Тұрғындар да жауапкершілікті сезіну керек. Бұл жолда партияның рөлі өте маңызды», — деді облыс әкімі Ғали Есқалиев өз баяндамасында.

Сонымен қатар, облыстық партия филиалы төрағасы Жолдауда аталған 10 басымдыққа тоқталып, Мемлекет басшысы қазіргі әлемдік геосаяси жағдайдың ел экономикасына теріс әсер беретініндігін атап өтіп, қауіп-қатерлерді ескере отырып, дағдарысқа қарсы іс-шаралар бағытындағы жұмыстарды алдын-алу бағытында жедел штаб құруды тапсырғанын да жеткізді.

Жиын барысында сөз алған облыстық мәслихат депутаты Бисенов Азамат саяси реформаның маңызын атап өтті. «Президент Жолдауда ұсынған реформаның негізгі мәні — билік пен халық арасында нақты нәтиже беріп, қордаланған мәселелердің жүйелі шешімін табуына арқау болатынын және  біздің қоғамды одан әрі демократияландырудың берік іргетасын қалыптастырып, екіжақты тиімді диалог ұйымдастыру. Саяси реформалар тек саяси бағыттағы жұмыстарға емес, әлеуметтік-экономикалық дамуға өз серпінін беретіндігін және жергілікті өзін — өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайту-біздің өңіріміздің даму процесіне сөзсіз оң әсер ететіндігін атап өтті. Бұл Жолдаудағы бастамалары барлық талдау сараптаулардан өтіп, қоғам талабына сай жасалып, өзекті мәселелерді қозғай отырып, ұсыныс-пікірлерден құралғандығы белгілі. Ендеше, аталған басымдықтардың алдағы уақытта еліміздің өркендеуіне оң әсерін тигізетініне сөзсіз сенімд екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, активте «Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Ермекқалиев Бұқаралық ақпарат құралдары өкілі ретінде сала бойынша басымдыққа тоқталды.

«Журналистер күнделікті алуан түрлі оқиғаларда қазақстандықтар үшін құндылықтар мен бағдарларды қалыптастыра отырып, ең маңызды және сындарлы нәрсені бөліп көрсетуге қабілетті. Әрбір журналистің құрметті міндеті-өз еліне адал қызмет ету, өз халқының жария болуы. Бұқаралық ақпарат құралдары «төртінші билік» деп бекер айтылмаған. Халықтың мүдделерін қорғау, адамдардың үміттері мен ұмтылыстарын көрсету – мұның бәрі тілшінің адал борышы болып табылады.

Мемлекет әрқашан ақпараттық кеңістікті дамытуға ерекше назар аударды. Өз ісінің дарынды, әрі білікті журналистеріне тұрақты қолдау көрсетілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі және Президенттің БАҚ саласындағы дәстүрлі сыйлығы – осының айқын дәлелі.

Қазақстандық журналистика әрқашан патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын насихаттауда. Бүгінде барлық отандық бұқаралық ақпарат құралдары елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ете отырып, біздің мемлекеттілігімізді нығайту үшін жұмыс жасауда.

Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасауы керек», — деп халық күткен көптеген мәселелер айтылып, Жолдауда аталған реформаларға қатысты пікірін білдірді.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне қатысты бірқатар ұсыныстар да айтылды. Соның ішінде қазақ тілді журналистерді қолдау мақсатында, жас мамандарды тарту үшін «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген мамандықтар тізімін кеңейту, оның ішінде журналистика саласының мамандарын енгізу, мемлекеттік тұрғын үй кезегіне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы категория енгізілсе деген ұсыныстар айтылды.

Жиынды қорытындылаған облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Мұрат Рахметұлы алдағы міндеттерді бірлесіп атқаруға шақырды.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *