Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті жаңғырту жөнінде

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жұмыс атқарып жатырған жұмыстары туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифингке қатысып жұмыс тобының төрағасы Айдар Батырханов және БҚО мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мәліме жасады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығының 2-тарау 1 параграфына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылдын 14 қаңтарында  қалыптастырылды, және облыстық мәслихат хатшысының №1 өкімімен бекітілді. Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы 9 адамнан құрылды.

2022 жылдын 5 қаңтарында Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс және байқаушыларды іріктеу туралы облыстық маслихаттың хабарламасы баспасөз бетінде (Орал Өңірі, Приуралье) және облыстық мәслихат сайтында орналастырылды. Осы хабарламаны көріп өзім «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болғандықтан осы бірлестіктін атынан өзімді ұсындым.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығының 1 параграф 4 тармағына сәйкес өкілді органның басшысының өкімімен (№1 14.01.21) жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам деп айқындалды, олардың 3 (үш) мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері және 6 (алты) конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар.

Осы Ереженің 1 параграф 4 тармағына сәйкес Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.  Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысымен, Батыс Қазақстан облыстық тілдер дамыту басқармасы басшысымен және Батыс қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысымен жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органнан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы Жоламанов Әділ Тауфикұлы, Батыс Қазақстан облыстық тілдер дамыту басқармасы басшысы Галиев Ерлан Ерсайынұлы және Батыс қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық бөлімінің басшысы Рахметова Гүлзада Жәрдемқызы айқындалды.

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен және азаматтардан құжаттарын тапсырып жұмыс тобы мұшесіне Загидулина Сауле Жасталаповна, Муштанова Гульбаршын Максутовна, Тапишев Аслан Нурланович, Тулегенова Гульмира Тайманқызы, Батырханов Айдар Тапашұлы,  Туманбаева Салтанат Аскаровна ашық дауыспен сайланып айқындалды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығының 1 параграф 14-тармағына сәйкес  жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысушы азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өзінің кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығының 2-тарау 1 параграфынын 10 тармағына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтініш білдірген Өкшебаев Асхат Ерболатұлы – «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінін төрағасы, Тенишева Светлана Владимировна – «Назиб Жигановтың халықаралық шоқ жұлдыздары» — жеке қорынын құрылтайшысы жұмыс тобын қалыптастыру бірінші отырысына қатысты.                             

     Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығына сәйкес жұмыс тобына төмендегі өкілеттіктер беріледі:

  • тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
  • Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
  • Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
  • Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;
  • Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2 отырысында облыстық Қоғамдық кеңестің сандық құрамын 31 адамнан белгіленді.

2022 жылдың 2 ақпанда Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық мәслихаттын интернет-ресурсында жарияланды. Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2022 жылғы 3 ақпаннан бастап 2022 жылғы 16 ақпанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін) құжаттар қабылданды. Батыс Қазақстан облысы бойынша әр түрлі сала өкілдерінен жалпы саны 92 адам Қоғамдық кеңес мүшелігіне енуге ниет танытты.

Ендігі кезеңде Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылап, әрбір кандидатпен жеке әңгімелесу өткізіледі. Қоғамдық кеңестің құрамы ашық дауыс беру арқылы қалыптастырылады.

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің                   2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» талаптарына сәйкес өткізіліп, шаралардың барлық кезеңі ашықтықты қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *