Ас адамның арқауы

Адамның күнделiктi тиімді тамақтануға қажеттi тағам түрлерiн үш топқа жiктеуге болады. Біріншісі құрамында ағзаға қажеттi ақуыз, май, көмiртегi, дәрумендер мен минералды тұздары бар сүзбе, сүт, қаймақ, айран, iрiмшiк, құрт, құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, қымыз, шұбатты енгізуге болады.
Екінші топқа өте пайдалы ақуызға бай еттер, балық түрлерi мен жұмыртқа жатады.
Үшінші топқа құрамында көмiртегi көп қара және ақ нан, кептiрiлген нан, қант, бал, шоколадты конфеттер, халуа, пече­нье, жарма, тосап, картоп, бұршақ, жүгерi мен күрiш жатады. Ал энергетикалық құндылығы жоғары тағам ретiнде түрлi майларды атауға болады..
Балық тағамдарын жиiрек пайдалану ағзаға өте пайда­лы. Оның үстiне, балық етi мал етiне қарағанда ағзаға жеңiл және тез сiңедi. Мен қызмет ететін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда  қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  қызмет алушылар  ыстық  тамақпен  төрт мезгіл тамақтанады . Орталықта  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015жылғы 27 қарашадағы №896 бұйрығына сәйкес  тамақтану нормаларымен ас мәзірі қарастырылады.Қызмет алушылар  таңғы ас ,тускі ас және кешкі аспен камтамасыз етіледі.Бейсенбі күндері балықтан жасалған тағамдар беріледі,бұдан бөлек жеміс- жидек,жұмыртқа беріледі. Мерзімдік перспективтік және бір жұмалық ас мәзірі  кұрылып мекеме басшысымен бекітіледі .Мереке күні  мерекелік дастархан  әзірленеді

Кажгереева С.

Диетбике

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *