Жәңгір хан университетінде ғылыми үйірмелер таныстырылды

Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университетінің бас ғимаратында студенттік ғылыми үйірмелердің жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқу орнында ғылымды дамыту, өз кезегінде оқу аяқталғаннан кейін маңызды ғылыми міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру. Оған қоса, студент жастарды  кафедра, студенттік ғылыми және әлеуметтік тәрбие орталығының үйірмелерімен таныстыру, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға шақыру. 


Университеттің Ғылым басқармасы ұйымдастырған бұл жәрмеңкеге 1-3 курс студенттері қатысты. Жәрмеңке барысында әр үйірменің еңбектері мен жетістіктері ұсынылды.

Қазіргі уақытта университетте 22 ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы арқылы студенттер ғылыми зерттеулер жасап, практикалық дағдыларды игеруде. Үйірме қабырғасында жасаған жобалары үздік атанып, жастар жыл сайын Қазақстанмен қатар шет елдердегі олимпиадаларда бақ сынап жүр. 

Жәрмеңкеге білім ордасының барлық кафедрасы қатысып, өз үйірмелерінің ғылыми жұмысы мен табыстары туралы ақпарат ұсынды. Студенттер өзіне қызықты үйірмені таңдап, қатысуға жазылды. Жәрмеңке барысында қызықты зияткерлік ойындар ойнатылып, ең белсенді болған студенттерге сыйлықтар мен сертификаттар ұсынылды.

БҚАТУ медиа-орталығы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *