Балаларға қуаныш сыйлады

          

Орал қаласының Тәжіден Батырұлы атындағы  мешітінде жыл сайын  өтетін  «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі іс-шара барысында 120 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етіліп, 285 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Алдымен Тәжіден Батырұлы атындағы  мешітінің бас  имамы  Руслан Тыныштықұлы  сөз алып,  дінбасымыздың ыстық сәлемін жеткізіп, жиналған балаларды  білімді болуға шақырды.

 Балалар қуанып,  ата-аналар қайырымды жандарға шексіз алғыстарын жеткізді.

 Осындай игі шара Жаңақала аудандық мешітінде жалғасып,  15 балаға сөмке мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *