Қалалық мешітке азаншы тағайындалды

         

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні  Ақжайық төріндегі Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітіне азаншы қызметіне Бағдат  Русланұлы тағайындалды. 

Аталған жауапты қызметке Бәйтерек ауданы, «Жұбан молда» орталық мешітінің бас имамы болып жұмыс атқарған Бағдат Шақаев келді.

  Жамағатты ұйыстырып, Алла үйіне жиналған қауымға Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы  Қажымұқан Елтайұлы көпшілік алдында ДінбасымызНаурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, әрі білікті маман, аудандық мешіттің бас имам қызметін абыройлы атқарған  Бағдат Русланұлын жамағатқа таныстырды.

Айта кету керек, Бағдат Русланұлы 2014-2017 жылдары Орал медресесінің үздік түлегі, 2017-2018 жылдары Тасқала аудандық Жастар менн жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы, « Руханият» деструктивті діни ағымдардан қорғау мен көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2018-2019 жылдары Бөрлі  ауданы,  Ақсай қалалық мешітінің наиб имамы, «Парасат» деструктивті діни ағымдардан қорғау мен көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог маманы, 2019-2021 жылдары  Бәйтерек ауданы, «Жұбан молда» орталық мешітінің бас имамы болып атқарған. Осы жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уинверсетінің дінтану мамандығын  игеріп шығады.

 Қызметке жаңа кіріскен азаншыға жамағат сәттілік тілеп, үлкендердің өз баталарын берді. 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *