Аналар – асыл жандар

Ана, ана, ана! Бұл үш әріптен құралған ана сөзінің мағынасы әр адам үшінтүпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да тап-таза. Әлемдегі ең қымбат, ең асыл жан ол – ана. Себебі ол түн ұйқысын төрт бөліп, бізді бағып-қақты. Ана бір қолымен бесік тербетсе, ал екінші қолымен әлемді тербеткен. «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» — деп те соған байланысты айтады. Аяулы аналарымыз бізге жарық дүниені нәсіп етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсірді. Қазірге дейін балам ешкімнен кем болмасын деп, күні-түні жұмыс жасап, барынша шапағатын шашады. Міне осы ұйқысыз түндері үшін, жасаған жақсылығы үшін, күндей нұрлы шапағатын шашқаны үшін сан  мәрте алғыс айтамын. Мейлі мен қанша жерден анамды қуантсамда, мейлі әр түрді асуларды бағындырсам да, түбінде анамның жасаған жақсылықтарын өтей алмаймын. «Ағайын алтау, ана-біреу» — демекші, шынымен бұл өмірде бізді өзінен де жоғары санайтын анамыз біреу. Бір күні бармыз, бір күні жоқпыз. Міне, сол себепті үнемі, қиын-қыстау кезде аналарымыздың жанынан табылайық. Кім білсін, бәлкім, біз бұл уақыттарды кері қайтара алмауымыз да мүмкін. Сол себепті, ешқашан аналарымыздың көңіліне кірбің түсірмей, біз де шапағатымызды шашайық. Бір сөз айтпастан бұрын ойланып көріңіздерші…Ана сізге өмір сыйлады, ұйқысыз түндерін өткізді. Ал, сіздердің айтқан сөздеріңіз соған сай келеді ме ? Жоқ, әрине. Сол себепті уақыт барда аналарымызды қадірлейік. 

Бупина Инабат, Д.А.Қонаев атындағы №44

мектеп-гимназиясының 6 е сынып оқушысы,

Жас тілші үйірмесінің мүшесі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *