Оқушылар арасында «Биологиялық білім әлемінде» қашықтық байқауы өтті


Оқушылардың биология  пәніне қызығушылығын арттыра отырып, білімдерін толықтыру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрету, ойлау қабілетін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіре отырып талантты оқушыларды анықтау мақсатында «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында облыстық «Биологиялық білім әлемінде» атты  қашықтық байқауы  өтті.

Байқауға    жалпы білім беретін мектептердің 9-10  сыныптарында оқитын  35 оқушы қатысып, білім додасы қашықтықтан видеобақылау арқылы Zoom платформасымен өткізілді. Сайыс  эссе жазу, «Бинго» ойыны,  логикалық тапсырмалар сынды үш айналымнан тұрды. Оқушылар бірінші кезең бойынша эссе жазса, екінші кезеңде тест сұрақтарына жауап беріп, үшінші кезеңде биология пәні бойынша қызықты тапсырмалар, ғылыми идеяның тарихы туралы және ғалымдардың өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қорытынды бойынша 9 сынып бойынша І орынды Тасқала ауданы,  «Сәулет» мектеп лицейінің оқушысы Сәнді Нұрымова иеленсе, 10 сынып оқушылары арасында Ақжайық ауданы  Абай атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Алуа Орасай жеңімпаз атанды. 

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *