Тәуелсіздік жылдарында БҚО-да 42 балабақша мен 86 мектеп салынған

Тәуелсіздік жылдары облыс экономикасына 5 трлн. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Облыс халқының табиғи газбен қамтылуы 98,6%-ға жетті. Мысал ретінде айтсақ, 1993 жылы Орал қаласының газбен қамтылуы небары 15%-ды құрадыАл 2000-шы жылдары облыстың 31% ғана сумен қамтылса, бүгінде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 88%-ға жетіп отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 мың есе көбейіп, 6 млн. шаршы метр көлемінде тұрғын үйлер бой көтерді. Өскелең ұрпақтың болашағы үшін 42 балабақша мен 86 мектеп салынды. 90-шы жылдары балабақшалар жабылып, балалардың көбі үйде отыруға мәжбүр болды. 30 жыл ішінде облыста 2220 шақырым жол салынып, жөндеуден өтті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *