Жолда тұрып қалған көлік пен жолаушыларға көмек көрсетілді

2021 жылдың 3 ақпан күні 5 сағат 49 минутта Қазталов ауданы № 11 ӨСБ «101» телефонына Бозоба ауылының маңында ВАЗ-2115 жеңіл автокөлігі жолда тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар УАЗ автокөлігімен 7 адамды Қазталов ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады. Қызметтің №11 ӨСБ қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ешкім зардап шеккен ешкім болмады.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.

БҚО Төтенше жағдайлар бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *