Оралда түтінге тұншыққан қыздар құтқарылды

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Орал қаласы, Ақотау көшесі, 24/1 мекенжайында орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, — деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Эвакуациялау барысында балалардың жылап жатқан дауыстары естілген. Өрт сөндіруші-құтқарушылар дереу пәтердің есігін бұзып, түтінге қатты тұншығып жатқан балаларды далаға шығарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Одан әрі өрт сөндіру қызметінің психологы балаларға психологиялық көмек көрсеткен. Көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген қыздардың жағдайлары қалыпты. Өрттен аман қалаған балалардың ата-анасы қыздарын құтқарған өрт сөндіру қызметінің барлық қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *