Дінбасы марапатына ие болды

   Орал медресесінің алғашқы түлегі, 10 жылға жуық облыстық орталық мешітінің наиб имам қызметін атқарып келе жатырған БҚО бойынша «Зекет» қорының өкілі Самат Әлібаев асыл дініміздің өркендеу жолында игі істерге ұйытқы болып жүрген имамдардың бірі. 

«Зекет» қайырымдылық қорының дінге, елге қызмет ету жолындағы игі бастамаларына белсене атсалысқан еңбегі бағаланған Самат Әлібаевті Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы қабылдап,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс» хатын табыс етті.

Самат Қанатқалиұлына Алла жолындағы қызметінің сауабы мол болсын деп тілейміз!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *