Дулат Мақатов– жыл волонтері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл – Волонтер жылы деп жарияланды. Аталмыш жыл барысында, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті еріктілермен бірігіп көптеген жұмыстар атқарды. Еріктілер – жылдың әр кезеңінде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алуға үлкен үлестерін қосты. Соның бірі – Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Дулат Нұрланұлы Мақатов.

Ағымдағы жылы Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен бірлесіп «Терезені жап – үйде бала бар!», «Су құрбандарына жол жоқ!» акцияларын ұйымдастырды. Күз басталысымен еріктілер өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп жадынамалар, кітапшалар тарату, аз қамтылған отбасылар тұратын жерлерді аралау бойынша рейдтік іс-шараларға тартылды.

Жас еріктілер төтенше жағдай мен карантин кезінде де өздерін көрсетті.   БҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен бірлесіп, еріктілер ардагерлер тұратын кіреберістерді дезинфекциялауды ұйымдастырды, барлығы 20 кіреберісті өңдеді. Жұмыс жеке қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, жеке қорғаныс құралдарын қолдану арқылы жүргізілді.

БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен бірге атқарылған толағай жұмыстарды ескере отырып, БҚО ТЖД бастығының ұсынымымен Дулат Мақатов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор                  Ю.В. Ильиннен «Төтенше жағдайларды алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» туралы төс белгісімен марапатталды.

Волонтерлер жылы аясында, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, Отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдардың беделін арттыруға бағытталған. 

Байқауға Батыс Қазақстан облысы атынан «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Д. Мақатов ұсынылып, аталған номинация бойынша байқаудың жеңімпазы атанды.

Құтқарушылардың жұмысында еріктілердің көмегі оқу, профилактикалық іс-шараларда да, нақты құтқару жұмыстарында да баға жетпес.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *