Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау басты назарда


Облыстық мәслихат депутаттарының отырысында — «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің белсенді мүшелерімен кездесіп, «Азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау» тақырыбы аясында талқылау жүргізді.


Азаматтардың әлеуметтік мәселелері – әрдайым, «Nur Otan» партиясының ерекше назарында. Бұл жұмыс — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей нұсқауымен жүзеге асырылуда. Елдегі төтенше жағдай және одан әрі карантин кезінде партия халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік кәрзеңкелерімен, қорғаныс құралдармен және тұрмысқа қажетті материалдармен көмек көрсеткен болатын.

  • Айта кетер болсақ, «Біргеміз-Орал» қоғамдық қоры арқылы 30 мыңға жуық батысқазақстандықтарға 1,5 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл орайда, біз карантин кезінде әлеуметтік қиындықтарға тап болған және әлеуметтік жағдайлары одан әрі төмендеп кеткен халықтың барлық топтарын, атап айтсақ: аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүмкіндігі шектеулі балалар, ең төменгі зейнетақысы бар зейнеткерлер және т.б әлеуметтік топтарды қамтуға тырыстық. Карантин кезінде әлеуметтік шиеленістермен қатар, жұмысшыларға қатысты еңбек нормаларын бұзу фактілері де тіркелді. Азаматтардың еңбек, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ карантин кезінде жұмыс берушілердің ұсынылған жұмыс нұсқаулығын қатаң сақтау тәртіптері – партиялық бақылауға алынды. Мысалы, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалына ағымдағы жылы өздерінің еңбек құқықтарын қорғау туралы өтінішпен 353 адам жүгінген, оның ішінде 113 өтініш қызметкердің пайдасына шешіліп, оң нәтижесін алды. Осыған орай, партия кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне пандемия кезінде туындаған еңбекқатынастарындағы мәселелерді ескере отырып, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық еңбек шарттарының талаптарын қайта қарау туралы бастама көтерді», — деді өз сөзінде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.
    БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – Асылұлан Досжанов еңбек құқығын қорғау шаралары туралы айта отырып, биылғы жылы 600-ден астам батысқазақстандықтың жұмыс берушілерге қатысты арыз-шағымдармен жүгінгендігін атап өтті. Сонымен қатар, шағымданушы көптеген азаматтардың өзінің құқықтары туралы біліктіліктерінің аз болуына байланысты және жұмыс берушімен еңбек қатынастарында орын алатын еңбек даулары кезінде қалай қорғалатындығын білмеуінің нәтижесінде көбірек жеңілістерге ұшырайтындығын айтты.
    Аталмыш кездесу отырысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлының ұсынысымен халық арасында еңбек қатынастарына қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында әлеуметтік желілер мен партиялық құрылымдардың аккаунттары арқылы ақпараттық жұмыстарды күшейту туралы шешім қабылданды.
    Жиын барысында Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі басшысының орынбасары Атабек Жәнібеков аймақтағы халықты мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері туралы айтты. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы — Лияна Тұрсынова жеке кәсіпкерліктің, атап айтқанда, төтенше жағдайлар мен карантин кезінде еңбек құқықтары қорғалмаған жеке кәсіпорындардың қызметкерлерінің мәселелерін көтерді. Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлік қызметкерлері арасында олардың еңбек құқықтарын қорғайтын және әлеуметтік кепілдіктер беретін кәсіподақ ұйымын құру ұсынылды.
    Мемлекет өз тарапынан жұмысынан айырылған халыққа әрі қарай да, әлеуметтік кепілдіктермен қолдау білдіріп, азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік даярлауға, жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен жұмыссыз топтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді.
    Кездесуде 2020 жылдың қазан айында облыста құрылған, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытумен және қоғамдық бақылауды жандандырумен айналысатын «Медет» қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды. Аталмыш қоғамдық қордың жұмысын қордың негізін қалаушылардың бірі – Мұхтар Дәулетжанов таныстырып, өңірдегі өзекті мәселелер бойынша бірлесіп жұмыстар атқаруға шақырды.
    Бүгінгі жиынның қатысушыларының бәрі дерлік – халықпен, қоғаммен тікелей байланыста жүрген өкілдер. Сондықтан да, тың ақпараттарға толы әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген бірлестіктердің жұмысымен танысып, ұсыныстарымен бөлісу – халықпен ашық тілдесуде, кері байланыс орнатуда маңызды қадам деп білеміз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *