Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы

Дәл осындай атаумен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінде  мерекелік онлайн концерт өтті.

Жастар мәдениет үйінің фоесінде ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еселі еңбектері мен өңірімізге танымал фотограф Виктор Павлович Предыбайлоның  Елбасының Орал шаһарына келген іссапарларындағы фотосуреттерінен арнайы көрме жасақталды.

Онлайн көрме жұмысы таныстырылғаннан кейін шара мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған онлайн концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламада «Оралым» фольклорлық ансамблі (жетекшісі:Еркін Нұрымбетов), «Салтанат» би ансамблі, (жетекшілері:Бұлбұл Сапарғалиева, Мейрамгүл Танатова), вокалды аспаптар ансамблінің әншілері Тарас Жауынбаев, Рүстем Кереев, ағайынды Аслан, Жасұлан Зинеденовтер, Бибігүл Берекетова, Әсел Қажымова, Қадырболат Едіров, Болат Утешев, Омар Хибашев, Аэлита Ерсайынова, Азат Қабиев, Римма Нұрсұлтановалар өнер көрсетті.

Аталған шаралардың барлығы Жастар мәдениет үйінің әлеуметтік парақшаларында көрсетілді.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *