«Бақытты ел – беделді Елбасы»

Дәл осындай атаумен Оралда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінде кең көлемдегі танымдық іс-шара өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы Ел Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлін түсіндіру тақырыбында облыстық тарихи-өлкетану музейінің көшпелі жұмыс бөлімінің музей-экскурсоводтары Жанаргүл Абылайқызы мен Асылгүл Құрманғазықызы жеке құрам алдында Елбасының өмірі мен еңбек жолына шолу жасады. Президент күні қарсаңында арнайы жасақталған экспонаттармен етене таныстырды. Еліміздің астанасы- Астана қаласының құрылу тарихына, бой көтерген заманауи ғимараттарына тоқталды. Музейдегі «Қазақ хандығы» залымен таныстырып, Абылай хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтары, араб грамматикасы, «Хан тоғайының» шығу тарихы, танымал суретші Әбілхан Қастеевтің түпнұсқа еңбектері, «Өнер» залы, «Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай» жасақталған бұрыш, ұлттық аспаптардың түпнұсқалары және т.б. туралы түсінік беріп, құнды жәдігерлер мен жауһарларға толы 8 залмен таныстырды.

Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы Ел Президентінің тарихи рөлі мен қызметіне арналған мәліметтер жас қызметкерлерге ерекше әсер етті.

Ішкі істер органындағы жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, жас қызметкер мен оның тәлімгері арасындағы байланысты ұштастыру, Отанына деген сезімін нығайту, елімізде болып жатқан оқиғаларды таныстыру, Отанының тағдыры үшін жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар болашақта да жалғасын таба береді.

Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *