Бір тәулікте 13 қылмыс тіркелді

2020 жылдың 23-30 қараша аралығында Орал қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖАШ өткізілуде.

 Алғашқы жұмыс күнінің нәтижелері шығарылды. Бір тәулікте 13 қылмыс тіркелді. Оның 4-і қоғамдық орында, 3-і көшеде орын алды. Тіркелген 7 қылмыс ізі суымай ашылды. Бір жүргізуші көлік жүргізу құқынан айырылса, бұрын тіркелген 2 қылмыс ашылды, суық қару немесе рұқсат етілмеген қаруларды ұстап жүрген 7 тұлға ұсталды. Сондай-ақ, жедел алдын-алу шарасы барысында 1740 тұрғынжай, 835 көп қабатты үй, 654 жер үй секторы, 251 саяжай, жалға берілген 25 пәтер тексерілді.

ЖАШ 30 қарашаға дейін жалғасады.

Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *