Халықты төтенше жағдайлардан алдын–алу бойынша жұмыстар жүруде

Халықты төтенше жағдайлар қаупі туралы ақпараттандыру жұмысын жетілдіру мақсатында ТЖ Департаментінің жалпы үйлестіруімен және ішкі саясат басқармасы, қала және аудан әкімдіктерімен өзара тығыз байланыста іс-шаралар кешені өткізілуде, онда медиа жоспарға сәйкес төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы, халық пен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралары, сондай-ақ азаматтық қорғаныс, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, оның ішінде су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары және өзге де ақпарат арналары арқылы жеткізіліп тұрады.

Облыс аумағында жыл сайын төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарларында әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде халықты ақпараттандыруға және оқытуға қатысты барлық қажетті іс-шаралар көзделеді. Сондай-ақ жыл сайын облыстық бюджеттен халықпен ақпараттық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге қаржы бөлінеді және ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 1 млн.529 мың теңге бөлінді. Бұл атқарылған жұмыс жалпы өңірдегі төтенше ахуалға оң әсер етті. Жыл басынан бері облыста ТЖ салдарынан 4 адам қайтыс болды (2019 ж. – 8, 50%-ға азайды), зардап шеккендер – 8 адам (2019 жылы – 14, 57%-ға азайды).

Бүгінгі күні жылыту кезеңінде халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына және азаматтарды жылыту жүйелері мен электр жабдықтарын пайдалану ережелері туралы хабардар етуге қатысты түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Анықтама: Өрттердің алдын алу бағыты бойынша теледидарда – 151, радио – 258, газеттерде – 456 сөз сөйлеулер өткізілді. Радиорубка арқылы 428 ақпарат берілді, 187 ақпараттық агенттіктердегі шығарылымдар жарияланып, 1230 жарияланым әлеуметтік желілерде жарық көрді.

Су тасқыны қатерлері қаупін азайту шаралары туралы халықты оқыту және ақпараттандыру бойынша теледидарда – 15, радиода – 10 сөз сөйлеу өткізілді, газеттерде – 18 басылым шығарылды. Халықпен 71 жиын өткізілді, 15 293 адамды қамтумен 7549 аула аралау өткізілді.

Суға шомылу кезеңінде су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 613 сөз сөйлеу өткізілді: теледидар – 109, радио — 116, баспа басылымдары — 347, брифингтер – 41, судағы қауіпсіздік шаралары туралы 24 779 жаднама мен буклет таратылды. Жалпы саны 3500 дана судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық парақшалар, сондай-ақ жалпы саны 200 дана Брайль бедерлі-нүктелі қарпіндегі парақшалар әзірленді.

Профилактикалық жұмыстарға ТЖД, Полиция департаментінің қызметкерлері, волонтерлер, әкімдіктердің, коммуналдық, әлеуметтік қызметтердің және басқа да ұйымдардың қызметкерлері тартылады. Бүгінгі күні өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша 20 мыңнан астам ұсыныстар мен жадынамалар тапсырылды. 49727 адамды қамти отырып, 19891 аула аралау, 3143 адамды қамти отырып, 193 жиналыс, жиын, 1134 адамды қамти отырып, 78 оқу орнына 52 ашық сабақ өткізілді. 292 адамды қамтумен 41 нұсқама және 756 адамды қамтумен 33 дәріс, әңгімелесу өткізілді. Қазіргі уақытта өңірдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыс әкімдіктері мен басқармаларының платформалары мен әлеуметтік желілері арқылы онлайн сабақтар, тікелей эфирлер өткізу арқылы ақпараттандыру жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралар халықпен қарым-қатынассыз, яғни пәтерлердің немесе үйлердің есіктерінде ақпараттық парақшаларды тарату және қалдыру жолымен өткізілуде.

ТЖ департаменті жыл басынан бері 43 брифинг өткізді, өрт қауіпсіздігі бойынша 43 әлеуметтік бейнеролик, 3 мультфильм дайындады, 133 өрт қауіпсіздігі бұрышын орнатты.

Түрлі тақырыптар бойынша 12 интерактивті сабақ өткізіліп, 13750 оқушы қамтылды.

Сондай-ақ, дауылдың алдын алу бойынша ескертулер, автомобиль жолдарын жабу немесе шектеу, тыйым салынған жерлерде және мас күйінде шомылуға тыйым салу туралы СМС-хабарламалар арқылы облыс тұрғындарын хабардар ету жүзеге асырылуда. Барлығы 143 СМС-хабарлама жүзеге асырылды, оның ішінде дауылды ескертулер – 131, автожолдарды жабу/шектеу – 4, шомылуға тыйым салу – 8.

Халықты коронавирустық инфекцияның таралуы туралы барынша хабардар ету кешкі уақытта аналогты (ТДК-42, Хабар, Қазақстан, Қазақстан-Орал) және ІD TV цифрлық телеарналарының (8000 абонент), сондай-ақ «Телемир» телехабар тарату операторының (2700 абонент) арналарын ұстап алу арқылы жүзеге асырылады.

rbt

Сондай-ақ, облыс тұрғындарын коронавирустық инфекция бойынша карантиндік іс-шаралар туралы «КТК», «НТК» және «Еуразия» Бірінші арналарында кешкі уақытта жүгіртпе жол арқылы, сондай-ақ «Русское радио», «Ретро FM», «Тенгри FM» және «Жұлдыз FM» арналарында радиоэфирді ұстап қалу тәсілімен хабардар ету жүзеге асырылады.

Медициналық көмек көрсету және карантиндік шаралар мәселелері бойынша кеңес беру үшін ТЖД кезекші қызметінің базасында тәулік бойы Call-орталық ұйымдастырылды.

Жалпы, облыстағы барлық санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтай отырып, халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде және жалғасатын болады.

БҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *