Жасөспірімге мүгедек арбасын сыйлады

Жақсылыққа жан ізгі Райымбек Сәлімжанұлы мүмкіндігі шектеулі Гүлвираға қуаныш сыйлап, бір қолмен басқарылатын арба сатып алып берді.

Жақсылық десе жаны сүйсініп тұратын текті атаның ұрпағымыз.Таңым жақсы жаңалықпен басталды. Ақжайық ауданы Шағатай елді мекені жағында іс− сапарымен жүрген бауырым хабарласып, Қоғалытөбек ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі жанға көмек қолын созғысы келетінін айтты. Менен қала орталығынан мүгедектер арбасын сатып алып, ауылдың таксилеріне салып жіберуімді өтінді.

Іс− сапарда жүріп, жақсылық жасауды ұмытпаған Райымбек Гүлвира Темірболатованың үйіне барып, арбаны табыстаған. Жасөспірімнің ата-анасы да қуанып, алғыстарын жолдапты.

Бұл  ретте алтын емес, алғыс арқалауға асыққан Райымбек Сәлімжанұлының ниетіне риза болдым. «Жақсы адам – елдің ырысы, Жақсы сөз – жанның тынысы» дегендей, бір –бірімізге жақсы сөйлеп, жақсылық жасаудан шаршамайық.

Светлана Бисенғали,

 «Арман» балалар аула клубының меңгерушісі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *