Жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Р.Амиржановтың төрағалығымен Орал гарнизонының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысы өтті, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Жиынға гарнизондағы әскери бөлімдер және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 19 тамыз күні өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесіндегі сөзі талқыланды.

Сонымен қатар, Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Р.Мажитов ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмысы бойынша есеп берді.

Отырыс барысында қозғалған сұрақтардың бастысы Батыс Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарында сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою жұмыстарын жасауға бағытталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *