Орал әскери прокуратурасының алқа мәжілісі өтті

Еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелдігін және тыныштығын күзететін әскери қызметшілер болса, әскери тәртіп пен олардың құқықбұзушылық салдарын алдын алу барысындағы шараларды жіті бақылайтын құзырлы орган – әскери прокуратура.

Әскери прокуратура қызметкерлері облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдермен және мекемелер құрамымен тығыз қарым-қатынас орнатып,  заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауын қадағалауда.

Осы орайда Орал  шаһарының 5517 әскери бөлімінің базасында Орал гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Алтынбай Раевтың төрағалығымен Орал гарнизонының әскери прокуратура алқасының  мәжілісінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде«Орал гарнизонының әскери прокуратура органдарының ағымдағы  1- ші жарты жылдықтағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттер қойылып, негізгі бағыттары туралы» мәселелер талқыланды.

Алқа отырысына Орал гарнизонындағы әскери бөлімнің командирлері, әскери полиция мен әскери тергеу тобының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Орал гарнизоның әскери прокуроры әділет полковнигі Алтынбай Раев «Орал гарнизонының әскери прокуратура органдарының ағымдағы 1- ші жарты жылдықтағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған қызметтің негізгі бағыттары туралы   баяндама жасады.

— Ең басты мақсатымыз — әрбір нақты құқықбұзушылықты объективті  түрде қарау қажет.Сондай-ақ әскери қызмет саласында атқарылып жатқан жұмыстардың заң талаптарына сай орындалып жатқандығын бақылау, сонымен қатар әскери бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізіп, олардың көкейде жүрген мәселелерін тыңдау, — дейді әскери прокурор әділет полковнигі А.Раев.

Одан кейін ҚР ІІМ әскери-тергеу бөлімі тобының Орал қаласы ІІБ аға тергеушісі подполковник Сұңғат Жолтаев сөз сөйлеп, әскери ортадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы мәлімет жасады өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери полиция бөлімінің бастығы полковник Болат Мұсабеков өз сөзінде әскери ұжымдардағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мәселелеріндегі әскери полиция бөлімшесінің міндеті, рөлі мен орны туралы баяндады.

Сөз сөйлегеннен кейін әскери-құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері әскери қызметшілердің проблемалық сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Ербол Антай әскери қызметшілер атынан  алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Айта кету керек, бұл іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *