Білім – асыл қазына

 Жақында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсырысы негізінде, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, БҚО ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/2 мекемесінде, төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге орай, «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталған азаматтар арасында, онлайн-форматта «Skype» арқылы бейнебайланыспен «Білім – асыл қазына» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.

Білім сайысының мақсаты — білім деңгейін сынау және діни сауаттылығын арттыру.

Аталмыш шараға БҚО ДІБ «Дін мәселелерін зертеу орталығының» басшысы: Арман Нұрахметұлы, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, «Аманат-Жайық» ҚҚ төрағасы Есімжан Доспаев төрелік жасады.

Аталмыш сайыста қатысушылардың жыл бойы оқыған Еркебұлан Қарақұловтың «Ислам ғылымхалы», Серік Тәжібаевтың «Пайғамбар ақидасы» атты кітаптардан, қазақтың мақал-мәтелдері мен салтдәстүрлеріне қатысты сұрақтар бойынша қатысушылар өзара сынға түсті.

Жазасын өтеушілер арасында білімін жан-жақты дамытуға интеллектуалдық сайыстың әсері мол болды.

Нәтижесінде: І-орынды Нұрсұлтан Шарипов, ІІ-орынды Сайрақұман Назаров,Асхат Мырзакариев, ІІІ-орынды Мейрамбек Рахматуллин, Руслан Темірболатов иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды, сонымен қатар қатысушыларға алғыс хат, сыйлық табыс етілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *