Жұқпалы дерттен емделгендер 3835-ке жетті

Қазақстанда тағы 58 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Атап айтқанда,  жұқпалы індеттен емделіп шыққандар:

Нұр-Сұлтан қаласында – 24,

Алматы қаласында – 8,

Шымкент қаласында – 1,

Қарағанды облысында – 3,

Батыс Қазақстан облысында – 21,

Жамбыл облысында – 1.

Осылайша COVID-19 жұқпасынан емделіп, сауығып шыққандардың қатары 3835 адамға толықты. Соның ішінде БҚО-да коронавирус жұқтырған 352 адамның 210-ы емделіп шықты.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *