Бөрліде 100 отбасыға көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айында  Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат» еріктілер тобының мұрындық болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені өз жалғасын тапты.

Бұл жолы қайырымдылық керуені аясында Успен, Жаңаталап, Александровка, Ақсу, Ақбұлақ, Пугачев ауылдарындағы аз қамтылған 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері таратылды. Елдегі карантин кезінде үйде отырған бөрлілік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға азық-түлік өнімдері жеткізілді.

Әрбір жасалған жақсылықтың сауабы 70-тен 700-ге дейін еселенетін Құран айында көмек алған шаңырақтар «Рамазан сыйын» ұйымдастырған дін өкілдері мен еріктілерге алғыстарын білдіруде.

Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық керуені аясында қасиетті ай басында Бөрлі ауданынан шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы елу үйге азық-түлік салынған сөмкелер таратылған болатын.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *