Тегін такси

Сырым ауданында қасиетті Рамазан айына орай тегін такси қызметі ұйымдастырылған. Бұл туралы аудандық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай игі бастама Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Нұрбергенұлының бастамасымен және мешіт жамағатының қолдауымен жүзеге асырылған. Нәтижесінде тегін таксилер ауыл ішінде халыққа қызмет етуде. Жақсы істің басында жүріп, халыққа шынайы жанашырлық танытқан Әділхан имамға аудан жұртшылығы дән риза болып, алғыстарын жеткізуде.

Жалпы облыстың барлық аудандарындағы мешіттерде Рамазан айына орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *