Тонаумен айналысқандар ұсталған

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қабылданған дабылдарға уақытында жететін Орал қалалық полиция бөлімі ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары КПб жедел уәкілдерімен бірлесіп, жеке қылмыстарды ізін суытпай ашуда.

Нақтырақ айтсақ, 14 наурызда, таңертеңгі сағат 07.00 шамасында 1962 жылғы Г. есімді азаматша «Мирзоян» көшесіндегі 2 үй төңірегінде бейтаныс адамнан, «102» нөміріне  телефон шалады.

Расында да, белгісіз тұлға осы көшедегі 2 үй қасынан үй құстарын ұрлап, ізін жасырмақ болған. Осы мекен-жайға барған 11 УПП нің инспекторы, полиция капитаны Алмасбек Гайсин 1981 жылы туған күдіктіні оқиға орнынан ұстады. Ол кінәсын толықтай мойындаған.

Сондай-ақ 25 наурызда, сағат 13.30-да «Трансформатор» зауыты ауданы төңірегінде түрлі- түсті металл ұрлап, ұрлағандарын жинап жүрген 3 күдікті жігітті 13 УПП нің инспекторы, полиция аға лейтенанты Талғат Утешев ұстады. Қызметтік міндетімен рейдте жүрген Т.Утешев оқиға орнына Орал қ.ПБ жедел тергеу тобын шақыртып, 1972, 1988, 1990 жылы туған қала тұрғындарын топтың қолына тапсырған.

Ал, 30 наурызда велосипед ұрлығы тіркеліп, бір тұрғын полицияға арыз жазды. Оқиға орнына барған КПб жедел уәкілдері мен 19 УПП-нің инспекторы, полиция майоры Альберт Ералы «Ет комбинаты» ауданындағы ұрланған велосипедті табу үшін ұрының жолдағы ізіне түскен. Көп кешікпей күдіктінің ізіне түскен полиция қызметкерлері 1999 жылғы, қала тұрғыны, Р. есімді азаматты ұстады. Ол басқармаға жеткізіліп, ұрлыққа қатысты алғашқы материалдар жинақталуы үшін тәуліктік кезекшіліктегі жедел тергеу тобына тапсырылды.

Қазіргі таңда Орал қ.ПБ қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің нәтижесінде ашылған қылмыстар тергеу бөлімінің өндірісінде тергелуде.

Орал қалалық Полиция Басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *