Облыс еріктілері — елмен бірге

Төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындары бірқатар бағыттар бойынша еріктілердің көмегіне жүгіне алады.
Мұндай мәліметті бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы «Төтенше жағдай кезінде коронавирустың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан қолданылатын іс-шаралар» тақырыбындағы баспасөз мәжілісінде БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Нұрхат Ораш айтып өтті.


Облыс волонтерларының сайтына бүгінде 8955 адам тіркелді. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар негізгі үш бағыт бойынша еріктілерден көмек сұрай алады,-деді басқарма өкілі.


Бірінші кезекте, волонтерлар ҰОС ардагерлеріне, жалғызбасты қарияларға, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді қажетті заттарды жеткізіп береді. Ол үшін көмекке мұқтаж азаматтар volunteer07.kz сайтына немесе 87051430606 нөміріне өтінім қалдыруы керек. Осыған дейін батысқазақстандық еріктілер 437 отбасыға көмек қолын созған.
Сонымен қатар еріктілер адамдар дәріханалардан сабылып таппайтын медициналық бетпердені өздері тігуге кіріскен. Күні бүгін олар 15 мыңнан астам бетперде тігіп, облыс аумағындағы елді мекендерге, қоғамдық орындарға келушілерге таратқан. Оған қоса волонтерлар қозғалысының өкілдері түрлі мониторингтік топтардың құрамымен бірге өңірдегі азық-түлік бағасын бақылау, санитарлық талаптарды қадағалау секілді рейдтік шараларға тартылған.


Елмен бірге жауапты әрекетке көшкен еріктілер әлеуметтік желілерде акция жариялап, тұрғындарды төтенше жағдай кезінде үйден шықпауға үндеуде,  —  деді Нұрхат Серікқалиұлы.


Ләззат Қажымова

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *